Атырау көшелерінің бойымен апатқа ұшыраған көліктерді алып өтті (ФОТО)
Атырау көшелерінің бойымен апатқа ұшыраған көліктерді алып өтті (ФОТО)
9 жыл бұрын 2466 ҚазАқпарат

Атырауда жексенбіде әкімшілік полиция қызметкерлері «Есіңе ал және ойлан» атты ұранымен өткен акция аясында жол апаттары құрбандарын еске алды. 

«9-15 қараша аралығында өткізілетін «Қауіпсіз жол қозғалысы апталығы» акциясы шеңберінде полиция қызметкерлері қауіпсіздік белбеуін тағу, балаларға арналған креслоларды қолдануды насихаттау үшін «Сіздің жолаушыңыз - бала!», қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік жарнама бойынша жастар мен студенттер арасында шығармашылық жұмыстар, автомектептердің курсанттары арасында «Үздік автомектеп» конкурстарын өткізді. Ал демалыс күндері жол-көлік оқиғаларын болдырмау, жүргізушілерге ой тастау мақсатында жол-көлік оқиғаларына ұшыраған автокөліктер көрмесі өткізілді», делінген хабарламада.

Бүкіләлемдік жол-көлік оқиғалары құрбандарын еске алу күні қарсаңында «Есіңе ал және ойлан» ұранымен өткізіліп жатқан қоғамдық акция кезінде Атырау облысы ішкі істер органдарының 60 қызметкері қан орталығына барып 27 литр қан тапсырды.

Жыл басынан бері Атырау облысы бойынша 335 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 65 адам қаза тапса, 392 адам жарақат алған.

0 пікір
Мұрағат