|
Бір ғана Алматыда психикалық дертке шалдыққандар қарасы 10 мың адамға жеткен
|
Алматы қаласында соңғы бір жыл ішінде психикалық ауруға ұшырағандар саны 14 пайызға артып кеткен. Мұның бір себебін интернетке тәуелдікітен көріп отыр қала тұрғындарының психикалық саулық орталығының мамандары. Бұл жайында Алматы қаласының психиатрлар есебінде 10 мыңнан аса адам тұрғанын айта кету керек. Олардың көбісі шизофрениядан зардап шегеді. Мамандардың пікірінше, әлеуметтік желі, әсіресе, жастар мен жасөспірімдердің психикасына ауыр салмақ салып отыр. Алматы қаласының психикалық саулық орталығының директоры Сапар Рахменшеев ми демалмаса, адамның психикалық ауруға шалдығатын қатерінің жоғары болатынын алға тартып отыр. Сондай-ақ, жыл сайын психотерапевтердің көмегіне шамамен 300 адамның жүгінетіні айтылған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады