Данияр Ақышев ҚР Ұлттық банкінің төрағасы болып тағайындалды
Данияр Ақышев ҚР Ұлттық банкінің төрағасы болып тағайындалды
9 жыл бұрын 5973 Данияр Ақышев ©Ярослав Радловский

Қазақстан Сенаты жалпы отырыста Ұлттық банктің төрағасын тағайындау мәселесіне келісім беруді талқылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жалпы отырысқа Президент Әкімшілігінің басшысы Нұрлан Нығматуллин қатысты.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Сенатына Данияр Акишевті Ұлттық банктің төрағасы етіп тағайындауға келісім беру туралы өтініш жасаған болатын. "Қазір Банк пен ұлттық валютаға деген сенім төмен, оған жол беруге болмайды. Елімізде теңге өтімділігінің тапшылығы сезіледі, экономиканы несиелендіру көлемі де төмендеп барады. Бұл нашар көрсеткіш, оларды түзету үшін жұмыс істеу керек. Акишевтің білімі мен тәжірибесінің бұл міндетті атқаруға жететініне сенімдімін. Парламент Сенатына елдің қаржы жүйесінің игілігі үшін менің шешімімді қолдау туралы өтініш жасаймын", - деді Қазақстан Президенті.

Сенат Данияр Акишевті Ұлттық банктің төрағасы етіп тағайындауға келісім берді.

Данияр Акишев 1976 жылы туылған, Алматының тумасы. Экономист мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік басқару академиясының түлегі. Кей жылдары Орта Азия қаржы биржасында жетекші экономист болып қызмет еткен. Сонымен қатар, Ұлттық банктің зерттеу және статистика департаментінде түрлі лауазымда болды және сол департаментті басқарды. 2007-2014 жылдары ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары болды. Осыдан кейін ҚР Президентінің Әкімшілігінде әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінде меңгеруші болып қызмет етті. Биыл тамыз айынан бастап Мемлекет басшысы көмекшісінің уақытша қызметін атқарды.

Бұған дейін ҚР Ұлттық банкінің төрағасы қызметінде Қайрат Келімбетов болды.

Сенаторлар Данияр Ақышевті құттықтауда! Фото: Тұрар Қазанғапов

1 пікір
Мұрағат