Елбасы қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады
Елбасы қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады
8 жыл бұрын 2486

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтап, оның талаптарын мүлтіксіз орындау, рухын берік ұстану еліміздің табысты дамуының басты қайнар көзі мен кепілі болып саналатынын атап өтті.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Қазақстан Президенті Негізгі заңның нормаларының арқасында экономикалық өсімді, халықтың әл-ауқатының артуын, халықаралық аренада республика беделінің жоғарылауын қамтамасыз еткен терең реформалар жүргізілгеніне тоқталды.

Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, Конституцияда белгіленген қазақстандық құндылықтар «Мәңгілік Ел» патриоттық актісінде көрініс тапты.

Мемлекет басшысы барша қазақстандықтарға бақ-береке тілеп, қоғам мен мемлекеттің ортақ күш-жігерінің Конституция әлеуетін жан-жақты ашуға бағытталғанын атап өтті. 

0 пікір
Мұрағат