|
Ит талаған зейнеткер ауруханада жан тапсырды
|
Бұл оқыс оқиға Ақмола облысында 78 жастағы қарияны ит талап өлтірді. Бұл туралы nur.kz сайты «ҚазАқпаратқа», ал аталмыш ақпарат агенттігі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты.
Полицейлердің мәліметі бойынша келеңсіз жағдай Еңбекшілдер ауданының Степняк қаласында болған. Көршісінің үйіне барған 1936 жылғы қарияны көршісінің алабай иті тарпа бас салған.
Бас және мойын тұсын шайнап тастаған әйел ауыр халде аудандық кейін, облыстық аурухана жеткізілгенімен дәрігерлер қарияның өміріне араша түсе алмады. Алған дене жарақатынан араға он күн салып көз жұмған.
Қазіргі кезде ит өлтіріліп, иесінің үстінен әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 408-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалып, айыппұл салынды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады