|
Жаралы қасқыр ... дүр сілкіндірді (видео)
|
Қазнет қолданушылары жыртқыш аңға көрсетілген қатыгездік әрекеттеріне наразылық танытты. Бұл жайында «tengrinews.kz» ақпарат көзі хабар таратты. Видео Instagram желісіндегі “ztb_video» парақшасында жария болды.
Кадрлардан ер адамды көруге болады. Аңшының қолында мылтығы бар. Ол жаралы қасқырға жақындап келеді де құндағымен ұрғылай бастайды. Ал аңның екі аяғы жараланған. Ал кадр сыртынан қазақ тілінде "Басынан ұр!" деген дауыс естіледі. Видеоның қайда және қашан түсірілгені белгісіз. Видеоға жазылған пікірлердің көбі ер адамның әрекетіне қарсы. Біреулері аңшыны тауып, жазалауды талап етті. Олардың айтуынша, нағыз аңшы жыртқышты қинамай, дереу атып түсірер еді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды