Өзбекстан Орталық Азия елдеріне Orient Silk Road Express тур пойызын іске қосты
Өзбекстан Орталық Азия елдеріне Orient Silk Road Express тур пойызын іске қосты
2 жыл бұрын 846 stan.kz

Өзбекстан Орталық Азиядағы туризмді дамыту барысында алыс шетелдерден келетін саяхатшылар үшін аймақ елдері арқылы "Orient Silk Road Express" туристік чартерлік пойызын іске қосты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Eurasiatoday порталына сілтеме жасап.

Бұл поезд арқылы АҚШ пен Еуропа елдерінен келген жолаушылар 12 күнде Орталық Азияның 8 қаласымен таныса алады.

"Халықаралық туризмді дамыту мақсатында 2022 жылғы 7 қазан мен 18 қазан аралығында "O`zbekiston temir yo`llari" АҚ "Lernidee Erlebnisreisen" неміс туристік компаниясымен бірлесіп "Алматы – Ташкент – Қамашы – Китаб – Самарқанд – Хиуа – Бұхара – Худжанд – Ташкент бағыттарын ұйымдастырды", - деді Өзбекстан темір жолдары департаменті.

Барлық вагондар (оның ішінде екі люкс вагон мен бір люкс ұйықтайтын вагон) өзбектің ұлттық нақышында безендірілген. Олардың әрқайсысында душ, дәретхана, теледидар, гардероб және басқа да қажетті заттар бар.

Туристік чартерлік пойыз ЕО елдерінен, сондай-ақ бірнеше басқа елдерден - Франциядан, Нидерландыдан, Бельгиядан, АҚШ-тан, Германиядан, Австриядан, Ұлыбританиядан және Канададан келген саяхатшыларға қызмет көрсетеді.

Өзбекстан президенті аймақ елдері арасындағы туризмді дамытуды бірнеше рет айтқан болатын. Осыған орай, шілдеде Шавкат Мирзиёев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесуінде мемлекетаралық маршруттар мен туристік өнімдерді әзірлеуді ұсынды.

0 пікір
Мұрағат