|
Қаңтардың 1-нен бастап Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы тоқтатылады
|
Жаңа жылдан бастап Халыққа қызмет көрсету орталықтарымен қош айтысамыз. Олардың орнына әлеуметтік қорғау, жер қатынастары, мүлікті рәсімдеу салалары біріктірілген «Азаматтар үшін Үкімет» мемлекеттік корпорациясы құрылады. Бұл туралы Инвестициялар және даму министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов мәлімдеді.
Халық енді бір корпорациядан 700-ден аса қызмет түріне қол жеткізе алады. Яғни еліміздің азаматтары жер телімдерін рәсімдеу, жылжымайтын мүлікті тіркеу немесе зейнетақыға қажетті құжаттардың барлығын бір жерден алатын болады.
Мемлекеттік корпорация құру – азаматтарды ақпараттық қамтамасыз етудің бірден-бір жолы. Бұл жұмыстар Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында іске асып отыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
2033 жылы ислам қаржы нарығындағы айналым 7,7 трлн долларға жетеді
■
Cән индустриясы технолгияға қарсы тұрудың амалдарын қарастырады
■
Жаһандық ислам қаржы активтерінің мөлшері 2029 жылы 9,7 трлн долларды құрайтын болады
■
Сүрілген мешіт орнына салынған пұтхана қомақты қаражатқа байланысты жанжал ошағына айналды
■
Даулы сот ісі: суррогат ана болу Конституцияға қайшы (видео)