Қазақ жігіті әлемнің ең ақылды адамдарының тізіміне кірді
Қазақ жігіті әлемнің ең ақылды адамдарының тізіміне кірді
8 жыл бұрын 5325

Қазақстандық Димаш Әділет интеллекті коэффициенті жоғары адамдарды біріктіретін «Mensa» халықаралық ұйымының мүшесі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Шамамен бір ай бұрын мен бірінші рет стандартталған IQ-тест тапсырып көргім келді. Таяуда оның қорытындысын алдым, қуанышыма орай, 99 процент көрсеткішін алғаным үшін мені «Мensa International» ұйымына кіруге шақырды", - деп жазды Димаш «Instagram» әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта ұйымда Қазақстанның басқа өкілі жоқ. "Мен ел имиджін осы ұйымда қолдағаныма қуаныштымын, адамзат интеллектінің дамуына да қолдау әрі үлес қосқым келеді", - деп жазды Димаш.

Mensa International - интеллекті коэффициенті жоғары адамдарды біріктіретін халықаралық ұйым. Ол 1946 жылы ашылған. Стандартталған IQ тестілеуінен 98 пайызынан асырып жинаған кез келген адам ұйымға мүше бола алады.

1 пікір
  • Ақылына көркі сай, деп осындайда айтатын шығар.
    Бірақ тым "идеальный". Сұлулық, байлық бұлар да адамдарды шошытады. Өз ойым.
    8 жыл бұрын
Мұрағат