Қазақстандағы ең жас ана - он үште
Қазақстандағы ең жас ана - он үште
9 жыл бұрын 4667 ҚазАқпарат

2015 жылдың 1 шілдесіндегі дерекке сүйенсек,  еліміз бойынша 12-15 жас аралығында 2420 қыз баланың жүкті екені анықталған. Ал, Қазақстандағы ең жас ананың жасы - он үште екен. Бұл туралы бүгін Астанада қыз балалардың құқықтарын қорғау мəселелері айтылған дөңгелек үстел барысында ҚР Президенті жанындағы Əйелдер істері жəне отбасылық-дмографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Əсия Хайруллина мəлім етті. 

"Дөңгелек үстел 11 қазан - халықаралық қыз балалар күніне орай ұйымдастырылып отыр десек те болады. Əрине, елімізде  өзге де əлеуметтік-экономикалық мəселелер жетерлік. Бірақ, бүгінде қыз балалардың тəрбиесі мен денсаулығына, олардың құқықтарын қорғауға қатысты алаңдатып жүрген мəселелерді ашып айтқым келеді", - деген ол Қазақстан бойынша кəмелет жасына толмаған екі миллионға жуық қыз бала өмір сүретінін атап өтті.

"Сараптай келе, жасөспірім қыздардың арасындағы ең көп кездесетін жəне ең ауыр мəселе - ерте жəне мəжбүрлі неке екенін анықтадық. Қазақстан бойынша жылына үш мыңнан астам қыз бала кəмелет жасына толмай тұрмыс құрады. 2015 жылдың 1 шілдесіндегі дерекке сүйенсек,  еліміз бойынша 15-18 жас аралығында 2420 қыз баланың жүкті екені анықталған. Қазақстандағы ең жас ана  - он үш жаста", - деді ол. 

0 пікір
Мұрағат