|
Қазақстаннан Ауғанстанға жүйелі түрде көлік қатынайды
|
Бұл жайында Қазақстан Республикасының инвестиция және даму министрлігінің азаматтық авиация комитеті мәлім етті. "Ауғанстанның премьер-министрі Абдулла Абдулланың Қазақстанға ресми сапары аясында екі елдің авиация саласы басшылары екі мемлекеттің арасында ұдайы ұшуды жүзеге асырудың құқықтық негізін құрайтын келісімге қол қойды",- деп айтылған аталмыш комитеттің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында. Айта кетейік, осы уақытқа дейін ауғандардың "Кам Эйр" әуе компаниясы "Алматы-Кабул" бағыты бойынша чартерлік ұшуды орындап келген болатын. Ендігі жерде бұл келісімге сәйкес ұдайы жүзеге асырылады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды