200 имамға жалақы тағайындалды. «Ислам әдептерінің энциклопедиясы» жарық көрді
200 имамға жалақы тағайындалды. «Ислам әдептерінің энциклопедиясы» жарық көрді
2 жыл бұрын 1487 muftyat.kz Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен кіші Төралқа мәжілісінде ҚМДБ-ның 200 дін қызметкеріне берілетін жәрдемақы тағайындалғаны хабарланды. Бұл туралы Бас мүфтидің кеңесшісі Кенжетай Дүйсенбай баяндады.

«ҚМДБ-ның 2021 жылғы кеңейтілген қорытынды мәжілісінде Бас мүфти еліміз бойынша жалақымен қамтамасыз етілмеген мешіт қызметкерлерінің нақты санын анықтап, олардың мәселесін шешуді тапсырған болатын. Осыған орай қазіргі таңда еліміз бойынша 800-ден астам дін қызметкері жалақы алмайтыны нақтыланды. Бас мүфтидің бастамасымен соның ішінде 200 имамға жыл бойы ең төменгі жалақы көлемінде айлық тағайындалып, сәуір, мамыр айларының еңбекақысы берілді», – деп атап өтті Кенжетай Дүйсенбай.

Айта кетейік, еш жерден жалақы алмайтын, көпбалалы, жұмыс өтілі жоғары имамдарға ғана жалақы тағайындалды.

«Ислам әдептерінің энциклопедиясы» жарық көрді

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен кіші Төралқа мәжілісінде  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «MUFTIYAT» баспасынан жарық көрген кітаптардың танытымы өтті. Кітаптар жайлы баспаның директоры Мұрат Әбдіхалық баяндады.

«MUFTIYAT» баспасынан жарыққа шыққан жаңа кітап «Ислам әдептерінің энциклопедиясы» деп аталады. Кітаптың авторы ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің маманы Думан Сайфуллла.

Кітапта асыл дініміз Исламдағы әдеп мәселелері энциклопедиялық тәртіппен жүйеленіп, әр тақырыпқа діни мәтіндерден дәлелдер келтіріліп, ғұламалардың сөздері, халқымыздың салт-дәстүрі арқылы айшықталған.

0 пікір
Мұрағат