Соңғы бірер күнде халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
Соңғы бірер күнде халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
2 жыл бұрын 1330 halaldamu.kz
«Дәмді ет» күркетауық еті өнімдері сертификатталды 

«Дәмді ет» сауда белгісімен шығарылатын «Ордабасы-құс» күркетауық еті өнімдері сертификатталды. Түркістан облысынан арнайы келген кәсіпорын өкіліне «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы «QMDB HALAL» сертификатын табыстады. Аталған кәсіпорынның 97 түрлі өнімі «Халал өнімдерін өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандартына» сай деп танылды. Сертификаттың жарамдылық мерзімі 06.10.2022-05.10.2022 жылдар аралығы.

«Ордабасы құс» фабрикасы – күркетауық етін өндіруші еліміздегі алпауыт кәсіпорындардың бірі. Кәсіпорын технология, ветеринария және биоқауіпсіздік бойынша халықаралық стандарттарға сай. Өндіріс орны алдыңғы қатарлы өндірушілердің жоғары сапалы техникалық құрылғыларымен жабдықталған. Кәсіпорында қолданылатын жем-азықтың құрамы, қасапшылардың құсты қолмен бауыздауы мен дайын өнімнің де халал талаптарына сай екендігін хабарлаймыз!

«Шашлычок» фаст-фуд дәмханалар желісі сертификатталды 

Астана қаласындағы «Шашлычок» фаст-фуд дәмханалар желісі «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды. Діни басқармаға келген кәсіпорын өкілдеріне «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы халал сертификатын табыстады.

«Технологтар мен өзге де жауапты мамандардың ұзақ мерзімді екіжақты жұмысы мен қадағалауы,  лабораториялық сынақтың оң нәтижесінен кейін, «Шашлычок» фаст-фуд желісі «Қоғамдық тамақтандыру қызметтері» халал стандарты талаптарына сай деп танылды. Өзара байланыс пен әріптестік одан әрі жалғасын тауып, бірлесе халал саласының дамуына ат салысамыз деп сенемін. Алла кәсіптеріңізге береке,  қызметтеріңізге жеміс берсін», — деді Айбек Асқарбекұлы. 

Астана қаласындағы «Шашлычок» фаст-фуд дәмханасы желілерінің төменде көрсетілген сату нүктелері сертификатталғандығын хабарлаймыз: 

1) ЖК «Tasty Food» 

Сарайшық к., 13Г; 

2) ЖК «Good Food» 

Еділ көшесі,  26/2;

3) ЖК «Шах» 

Проспект Тәуелсіздік 34;

4) ЖК «UAKA Food» 

Қажымұқан к., 8Б; 

5) ЖК «Душабаева А.А» 

Проспект Тұран, 55Б; 

6) ЖК «Soul Food»; 

Жұмабек Ташенов көш., 24а; 

7) ЖК «Soul Food» 

Проспект Абай, 48/1а; 

8) ЖК «Душабаева Н.Т» 

Проспект Нұргиса Тілендиев, 15/5;

9) ЖК Душабаева Н.Т

Проспект Нұргиса Тлендиев, 15е; 

10) ЖК «Абилдаев» 

Қосшы қаласы, Республика көшесі, киоск 7304.

0 пікір
Мұрағат