2025 жылы әлемде 132 миллион сәби дүниеге келді
2025 жылы әлемде 132 миллион сәби дүниеге келді
2 сағат бұрын 46
Бұл көп сияқты көрінгенмен, олардың қай жерде туғанына назар аударсақ, қызықты көрініс байқалады.
Еуропаның үлесіне осы санның 5 пайызынан азы тиесілі болды.
Яғни халқы 250 миллион болатын бір ғана Пәкістанның өзінде бүкіл Еуропа құрлығында туған балалардан көп нәресте дүниеге келген. Ал Еуропа халқының саны шамамен 750 миллион екенін ескерсек, бұл айтарлықтай айырмашылық.
Жер шарында туған әрбір алтыншы бала Үндістанда дүниеге келген. Бір жылдың ішінде бұл елде 23 миллион сәби туған.
Оңтүстік Корея антирекорд орнатты. Елдегі туу коэффициенті небәрі 0,72 болды. Бұл халық санының біртіндеп азайып бара жатқанын көрсетеді.
Қазір Африка әлемдегі барлық туу көрсеткішінің шамамен 35 пайызын береді. Ғасыр соңына қарай бұл үлес 50 пайызға жетеді деген болжам бар. Бір ғана Нигерияда Солтүстік Американың барлық елдерін қосқандағыдан да көп бала дүниеге келеді.
Елу жылдан кейін әлем бүгінгіден мүлде өзгеше болуы мүмкін. Оның келбетін еуропалықтар немесе америкалықтар емес, дәл осы өткен жылы дүниеге келген 132 миллион бала айқындайтын болады.
2025 жылы Орталық Азияда туу көрсеткіші төмендеді, бірақ өңір әлі де әлемдегі ең «жас» аймақтардың бірі болып тұр.
Қазақстан
2025 жылдың 12 айында 335 мың бала дүниеге келді – оның 51,5% ұл, 48,5% қыз. Қалада 204,9 мың (61,2%), ауылда 130 мың (38,8%) туған.
Алғашқы 3 айда ғана 77,3 мың туу тіркелді, бұл соңғы 11 жылдағы ең төмен І-тоқсан көрсеткіші.
Жалпы туу коэффициенті 1000 адамға 16,43 болды. Ең жоғары көрсеткіштер: Түркістан облысы – 22,22, Шымкент – 21,76, Маңғыстау – 21,40.
Шымкент республикадағы ең жоғары туу деңгейі бар қалалардың бірі
Туу қарқыны 2022 жылғы 20,14-тен 2025 жылы 17,12-ге дейін түсті, ал жиынтық туу коэффициенті 2,57 балаға дейін төмендеді. Сарапшылар бұны қалада бала тәрбиелеу шығынының өсуімен және әйелдердің алғашқы босану жасының 25,3-ке көтерілуімен байланыстырады.
Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан
Өзбекстан – 2025 жылы 879 599 сәби тіркелді. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 46 800-ге аз, дегенмен туу коэффициенті 1000 адамға 23,2 болып, Ресей (8,6), Әзербайжан (10) сияқты көршілерден әлдеқайда жоғары. 1 қаңтар күні 1 641 бала туған – соңғы 8 жылдағы ең төмен көрсеткіш.
Қырғызстан – Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше 137 980 туу болды, бұл 2024 жылдан шамамен 2 000-ға аз. Қараша айының соңына дейін 127 800 туу тіркелгені ресми статистикада көрсетілген. Оңтүстікте (Ош, Баткен, Жалал-Абад) тұрақтылық сақталса, солтүстікте 20%-ға дейін құлдырау байқалды.
Тәжікстан – 2025 жылдың бірінші жартысында 98,9 мың туу тіркелді. БҰҰ-ның World Population Prospects мәліметі бойынша жылдық баға 268 304 сәби. Туу коэффициенті 24,52-ге түсіп, қатарынан 11-ші жыл қатарынан төмендеуде.
Түрікменстан – Countrymeters бағалауынша 136 867 тірі туу болды, табиғи өсім 87 312 адам. Туу коэффициенті 2022 жылғы 22,64-тен 2025 жылы 19,83-ке дейін төмендеді, бұл 2,34% құлдырау.
Жалпы Орталық Азия (5 ел): шамамен 1,76 млн сәби – Қазақстан 335 мың, Өзбекстан 880 мыңға жуық, Қырғызстан 138 мың, Тәжікстан 268 мың, Түрікменстан 137 мың.
Демографиялық ахуал – не байқалады?
Барлық жерде баяулау. 2025 – соңғы онжылдықтағы ең төмен туу жылы болды: Қазақстанда І-тоқсан 16%-ға, Өзбекстанда жылдық 5%-ға, Қырғызстанда 1,5%-ға, Тәжікстан мен Түрікменстанда 2%-ға жуық төмендеді.
Кейінге қалдыру. Аналардың орташа жасы Қазақстанда 29,9, алғаш босану – 25,3. Қырғызстанда жастар «тұрақтылыққа жеткенше» балалы болуды кейінге шегеруде делінген.
Аймақтық айырмашылық. Оңтүстік және батыс облыстар (Түркістан, Шымкент, Маңғыстау, Қашқадария, Сурхандария) әлі де 21-23/1000 деңгейінде, ал солтүстік Қазақстан, Қарақалпақстан, Ташкент қаласында 12-16/1000.
Халық әлі өсіп жатыр. Табиғи өсім оң: Қазақстанда +244 мың, Өзбекстанда +38,23 млн жалпы халыққа жетті, Тәжікстанда +2,1% жартыжылдық өсім.
Бірақ еңбек нарығы қартая бастады – Қазақстанда 20 жасқа дейінгі аналар небәрі 10,4 мың баланы дүниеге әкелген.
Қысқасы, 2025 жылы Орталық Азияда «бэби-бум» емес, «бэбибаяулау» болды. Қазақстан үшін бұл – 335 мың жаңа азамат, Шымкент үшін – республикадағы ең жоғары туу қарқынын сақтап қалу жылы.
 
Өмір Шыныбекұлының facebook әлеуметтік желісіндегі жазбасынан
0 пікір
Мұрағат