Бір мәйіттік донор 7–8 адамның өмірін сақтап қала алады
Бір мәйіттік донор 7–8 адамның өмірін сақтап қала алады
1 сағат бұрын 29 inbusiness.kz kaz.inform.kz Бақытбек Мейірім, Марлан Жиембай

Қазақстанда ағза трансплантациясынан кейін пациенттердің 80%-дан астамы 10 жылдан артық өмір сүреді.  

А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы басқарма төрағасы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бас трансплантологы Болатбек Баймаханов еліміздегі ағза трансплантациясының қазіргі ахуалы туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Маманның сөзінше, бір мәйіттік донор 7–8 адамның өмірін сақтап қала алады. Бүгінде Қазақстанда бірнеше ағзаны трансплантациялау операциялары жүргізіледі.

Оның айтуынша, бүйрек трансплантациясынан кейін пациенттердің 80%-дан астамы 10 жылдан артық өмір сүреді. Ал бауыр трансплантациясынан кейін бұл көрсеткіш шамамен 74%-ды құрайды.

Дәрігерлер бұл тек өмір сүру ұзақтығы ғана емес, өмір сапасының жақсаруы екенін атап өтті. Трансплантациядан кейін пациенттер қалыпты өмірге оралып, еңбек етіп, отбасы құрып, бала сүйіп жатыр.

Қан донорларына ақшалай өтемақы көлемі ұлғайтыла ма
KAZINFORM — Қаржы министрі Мәди Тәкиев Мәжіліс депутаттарының қан донорларына ақшалай өтемақыны 0,25 АЕК-тен 1-1,25 АЕК-ке дейін ұлғайту және Құрметті донор мәртебесін қалпына келтіру ұсынысын жауап берді. 

— 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджетте Денсаулық сақтау министрлігіне ТМККК аясында қан донорларына 0,25 АЕК мөлшерінде ақшалай өтемақыға 809,8 млн теңге (2026 жылы — 257,8 млн теңге, 2027 жылы — 274,2 млн теңге, 2028 жыл — 277,8 млн теңге) сомасында шығыс көзделген. Қан донорларына ақшалай өтемақы мөлшерін ұлғайту және Құрметті донор мәртебесін қалпына келтіру республикалық бюджеттен қосымша шығыстар бөлуді талап етеді, — деді министр депутаттық сауалға берген жауабында.

Оның мәліметінше, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекске сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді органдары донорларға қосымша көтермелеу беру туралы шешім қабылдайды. Сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары қан мен оның компоненттерінің ерікті өтеусіз донорлығын дамыту жөніндегі шараларды іске асыруды қамтамасыз етеді.

— Сонымен бірге, республикалық және жергілікті бюджеттердің шығыстарын оңтайландыру және оларға басымдық беру мақсатында 2028 жылғы 31 желтоқсанға дейін республикалық және жергілікті бюджеттердің шығыстарын жоспарлау кезінде әлеуметтік саладағы жаңа бастамаларға бюджет қаражатын бөлуге мораторий енгізілгендігін атап өтеміз. Осыған байланысты, министрлік ДСМ-ге мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп қан донорларын көтермелеудің материалдық емес шараларын ұсыну мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Баяндалғанның негізінде, қан донорлығын дамыту жөніндегі депутаттардың ұсыныстары ДСМ-нің мүдделі мемлекеттік органдармен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп қарауын талап етеді, — деді Мәди Тәкиев.

0 пікір
Мұрағат