|
Арабша есімдерге тыйым салу төңірегінде пікірталас өршіп тұр
|
Тәжікстанда араб есімдеріне тыйым салатын заң жобасы төңірегінде пікірталас өршіп тұр. Президент Эмомали Рахмон аталмыш заң жобасын парламентке қарауға пәрмен берді. Егер бұл заң жобасы қабылданатын болса, арабша аттарға тыйым салынады. Яғни, шараналарға арабтардың есімін қоюға заң жүзінде тыйым салынады. Бұл жайында Тәжікстанның әділет министрлігінің азаматтық хал актілерін тіркеу жөніндегі департаменті хабарлады. Есесіне ата-аналарға перзентіне қоятын есімдер тізімін ұсынатын болады. Айта кетейік, тәжктердің 98%-ын мұсылмандар құрайды. Бір қызығы, тәжік президентінің «Эмомали» есімі арабтардың «имам Али» тіркесінен алынған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады