Атмосферадағы ластаушы заттардан 2 млн-ға тарта бала демікпе дертіне шалдыққан
Атмосферадағы ластаушы заттардан 2 млн-ға тарта бала демікпе дертіне шалдыққан
2 жыл бұрын 1645 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Әлем бойынша көлік қозғалысынан атмосфераға бөлінген зиянды заттардан 2 млн-ға жуық бала демікпе дертіне шалдыққан. Әсіресе, автокөлік қарасы көп, өндіріс орындары мол ірі мегаполистерде. Бұл жайында islam.kz порталы thelancet.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Джордж Вашингтон атындағы университетіндегі қоршағанн ортаны қорғау және еңбек гигиенасы профессоры Сиузан Аненберг әріптестерімен бірге атмосферадағы азот диоксидінің (NO2) шоғырлану деңгейін зерттеген екен. NO2 атмосферада автокөлік құралдарынан, электр стансаларынан және өнеркәсіп нысандарынан бөлінуінен пайда болады. Ғалымдар, сондай-ақ, 2000-2019 жылдар аралығында аталған сырқатқа шалдыққан балалар санына қатысты мәліметтерді де қаперге алған. Демікпе – өкпенің тыныс алу жолдарының қабынуын тудыратын созылмалы ауру.

Аталмыш зерттеу нәтижесі бойынша мынадай қорытындылар жасалған:

-         2019 жылы әлем бойынша NO2-мен байланысты демікпе дертіне шалдыққан 1,85 млн баланың үштен екісі қалалы жерлерде тұрады;

-         NO2-мен байланысты демікпе дертіне шалдыққандар қарасы Еуропа мен АҚШ-та соңғы жылдары ауа сапасын жақсарту шараларына байланысты төмендеп келеді, алайда, оңтүстік Азия мен Африка құрлығындағы елдерде, соның ішінде Сахара шөлінен оңтүстігіндегі елдерде, Таяу Шығыс аймағында керісінше артып келеді;

-         GW жүргізген бұрынғы зерттеу нәтижелерінен белгілі болғандай, NO2-мен байланысты әлемдегі балалардың 13%-да демікпе дерті пайда болған. Егер әлемдегі халық тығыз орналасқан ең ірі 250 қаласы турасында сөз қозғалса, бұл көрсеткіш 50%-ға дейін жетеді.

Ал тұтастай алғанда, NO2-мен байланысты балалар арасындағы демікпе дертіне шалдыққандар қарасы 2000-2019 жылдар аралығында 20%-ға төмендеген. Бұл нені білдіреді? Таза ауаның нақты пайдасы көрсетіп береді. 

0 пікір
Мұрағат