«Этикалық жұмыртқа» саудаға шығарылды
«Этикалық жұмыртқа» саудаға шығарылды
5 жыл бұрын 3716 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Германияда жүрек бейнесі соғылған тауық жұмыртқасы саудаға шығарылды. Бұл жұмыртқаларды сойылуы тиіс әтештермен шағылыспаған тауықтар тапқан болатын. Бұл жайында Science ақпарат көзі хабар таратты. Мұндай жұмыртқа әдеттегі жұмыртқадан бірнеше цент қымбат тұрады, өйткені, ол әлдеқайда «этикалы технология» бойынша алынған. Мәселенің мән-жайы былай: жұмыртқа табатын тауықпен бірге жұмыртқа жарған, яғни, бір ұядан тараған әтештің ет алуы қиын, яғни, салмақ қосуы баяу жүреді. Сол себепті, құс фабрикасының жұмысшылары бір тәулікте жұмыртқа жарған балапандарды еркек, ұрғашысына қарай қолмен іріктейді. Олардың еркектерін (олардың қарасы жылына шамамен 7 млрд-қа жетеді) ұсақтайтын аппаратқа салады немесе газбен улап өлтіреді. Десе де қазіргі уақытта инкубатордағы жұмыртқаларды 21-ші күнінде, яғни, балапан болып қалыптаспай жатып,  іріктеу технологиясы тәжірибеге енгізіліп жатыр. Олардың еркек балапан болып шығатындарын екпе жасауға немесе опа-далап өндірісіне қажетті шикізат ретінде керекті жеріне жөнелтеді. 2020 жылға қарай неміс билігі тірі еркек балапандарды жаппай жоюға тыйым салуды көздеп отыр. Неміс билігінің мұндай қадамға баруына кезінде әлеуметтік желіде тарап кеткен, еркек балапандарды жою процесі бейнеленген видеоға еуропалық қоғамның наразылығы себеп болған еді. Бұл өз кезегінде балапан жұмыртқа жарып шықпай тұрып, олардың жынысын анықтау технологиясының пайда болуына алып келді. Бұл технологияны «Seleggt» компаниясы ойлап тауып, патенттеп алған болатын. Аталмыш технолгия жүктілікті анықтау тестіне ұқсайды. Өте жіңішке лазер сәулесі жұмыртқа қабығында 0,3 миллиметр диаметрінде саңылау ойып, вакуумдық сорғы жұмыртқадан сұйықтықтың титтей тамшысын алып шығады да болашақ балапанның жынысын химиялық талдау олымен анықтайды. Бұл процесс бар-жоғы 1 секундқа ғана созылады. Балапанның жынысын анықтау дәлдігі 98,5%-ға сәйкес келеді.

0 пікір
Мұрағат