|
Фашист белгісі заңнан тыс деп жарияланды
|
Ендігі жерде Ресей Федерациясында әсіреұлтшылдар фашистік белгіні қолдана алмайды. Егер қоғамдық орындарда фашистік белгіні алып жүргендер болса, олар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Яғни, айыппұл салынады. РФ президенті Владимир Путин фашистік белгіге тыйыми салатын тиісті заңға қол қойды. Аталмыш құжат үстіміздегі жылдың қазан айының 24-і күні Мемлекеттік Дума тарапынан қабылданып, қазанның 29-ы күні Федерация кеңесі мақұлдаған болатын. Бұл заң бойынша фашистік белгіні пайдаланғандар ендігі жерде Нюрнберг процесін жоққа шығарғанмен бірдей әрекет ретінде бағаланады. Фашистік белгімен қолға түскендерге айыппұл салынады. Егер айыппұл төлеуге шамасы келмесе 15 тәулікке қамалады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады