|
ҚЫСЫЛТАЯҢ ШАҚҚА АРНАЛҒАН ФОНАР
|
Кәдімгі батареялардың белгілі бір уақыттан кейін қуаты таусылып қалатынын белгілі. Eton компаниясы осы олқылықтың орнын толтыру үшін қысылтаяң шақта немесе қажет кезде өшіп қалмайтын фонар шығарды. Бұл фонардың артықшылығы мен ерекшелігі сонда, ол жұмыс істеуі үшін азғантай су үстесеңіз болғаны, үш күнге дейін сөнбей жанып тұрады. Blackout Buddy H2O деп аталатын фонар бар-жоғы он доллар тұрады. Оның батареясы магния қышқылының негізінде жұмыс істейді. Суға тигенде химиялық реакция тудырып, қуат пайда болады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады