Фаст-фуд жарнамасына тыйым салуды ұсынды
Фаст-фуд жарнамасына тыйым салуды ұсынды
9 жыл бұрын 3128

Ресей мемдумасының депутаты Василий Шестаков алкогольдің жарнамасына қойылған шектеуді фаст-фудке де енгізуді ұсынды деп хабарлайды nur.kz порталы “Коммерсантъ” ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып.

Бастама авторы құрамында қанты, тұзы көп және майлылығы жоғары азық-түлік түсінігін нақтылап, олардың жарнамасына шектеу енгізу керек деп есептейді.

Оның айтуынша, фаст-фуд жарнамасында оның пайдасы мен зиянсыздығы туралы ешбір мәлімет болмауы керек. Сондай-ақ коммерциялық роликтерде жасөспірімдердің образын қолдануға тыйым салынбақ. Егер сәйкес заңға тиісті өзгерістер енгізілетін болса, жарнама жасөспірімдерге арналған баспасөзде, аудио-видеоөнімдерде, сондай-ақ 07:00 мен 22:00 аралығында көрсетілетін телерадиобағдарламаларда жарияланбайтын болады.

Мұндай шектеуге газды сусындар, қуырылған картоп, маргарин, кондитер бұйымдары мен шұжық өнімдерінің кейбір түрлері ұшырауы мүмкін.

Шестаковтың айтуынша, бұл шара жастар арасында дұрыс тамақтану мәдениетін насихаттауға көмектесетін болады.

0 пікір
Мұрағат