|
Намазды ұзақ оқығаны үшін имамды ұрып жыға жаздады (видео)
|
Африканың қызу қанды бір мұсылманы жамағатқа намазды ұзақ созып оқытқаны үшін шыдамсызданып, имамды ұрып жыға жаздады. Ол намаздың оқылып бітуін күтпей имамға шүйлікті. Намазын жиып қойып, имамның жанына келіп, өз наразылығын айта жөнеледі. Енді болмағанда екпінінен тау қопарылатындай жігіт имамды жұдырықтың астына алар ма еді, егер имам сабыр сақтамағанда. Сол жердегі имамға ұйып, намаз оқып тұрған жамағаттың да мазасын алады. Айта кетейік, Пайғамбарлар падишасы – Мұхаммед Мұстафа (Алланың сәлемі мен игілігі жаусын) жамағатқа имам болып намаз оқытқанында намазды ұзаққа созбауға тырысатын. Өйткені, жамағаттың арасында ауруы жанына батқан, әлсіз немесе өзге де себеппен намазда ұзақ тұра алмайтын жандар болуы мүмкін екенін ескерген.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды