|
Германия канцлеріне бәрібір "хиджаб" кигізді
|
Германия канцлері Ангела Меркел шариғат талаптары қатаң сақталатын Сауд Арабиясына ресми сапары кезінде басына орамал тартудан бас тартқан еді. Осылайша жергілікті халықтың салт-дәстүрімен санаспаған болатын. Еуропадан арнайы келген білдей бір мемлекет басшысының королмен кездесуін жаңалықтардан көрсету үшін телеарна қызметкерлері өзінше жол тауып, жаңа технологияның көмегімен басына "хиджаб" кигізді. Айта кетейік, Ангела Меркел Сауд Арабиясында дресс-кодты сақтамаған жалғыз саясаткер емес, Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй де, АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон да осы елге сапары кезінде бастарына орамал тартпаған болатын.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ғалымдар кәрілікті тежеудің тың әдісін ұсынды
■
Африка құрлығында қанша мұсылман бар
■
Африка елі төлқұжатқа хижабпен суретке түсуге рұқсат беруі мүмкін
■
Енді қасиетті Меккеден нұрлы Мәдинаға 2 сағат 15 минутта жетуге болады
■
Африкалық мемлекеттің қор биржасы ислами капитал нарығы үшін арнайы ереже енгізеді