|
Мұсылман телефонды отқа "зарядтайтын" тәсіл ойлап тапты (видео)
|
Уфа қаласының Айдар Хайруллин есімді тұрғыны оттың қызуын электрге айналдыратын қалта телефоны құрылғысын ойлап тапты. Бұл құрылғы өркениет игіліктері кездеспейтін жерлерде пайдасын тигізеді. Яғни, табиғат аясына немесе жапан далаға, тау-тасқа шыққан саяхатшыларға таптырмас көмекші құрал болайын деп тұр. Аталмыш құрылғы оттың табынан электр энергиясын өндіретін генератордан тұрады. Жеткілікті дәрежеде электр энергиясын жинағаннан кейін кез келген гаджетті, атап айтқанда, ноутбукты, планшетті, смартфонды және кәдімгі қолшамын да қуаттап алуға болады. Қазіргі уақытта оның бұл жаңалығына құда түсіп жатқан елдер бар. Мұсылман жігіттің бұл жаңалығы Самара қаласында өткен жастардың ғылыми-техникалық форумында жүлделі орынға ие болды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ғалымдар кәрілікті тежеудің тың әдісін ұсынды
■
Африка құрлығында қанша мұсылман бар
■
Енді қасиетті Меккеден нұрлы Мәдинаға 2 сағат 15 минутта жетуге болады
■
Африка елі төлқұжатқа хижабпен суретке түсуге рұқсат беруі мүмкін
■
Африкалық мемлекеттің қор биржасы ислами капитал нарығы үшін арнайы ереже енгізеді