Қытайға қайтып оралған босқын мұсылмандарды «террористер» деп айыптауда
Қытайға қайтып оралған босқын мұсылмандарды «террористер» деп айыптауда
9 жыл бұрын 3160

Естеріңізде болса, осыдан біраз күн бұрын Қытайда ораза ұстауға және өзге де діни парыздарын орындауға қатаң тыйым салынып, коммунистік режимнің қыспағына түсіп, паналатпақ болып уәде еткен Тайландқа барып, тауы шағылған, яғни, Тайланд билігі Қытайдың қысым жасауына орай қабылдамай тастаған ұйғыр босқындары туралы хабар таратқан едік. Тайландтан Қытайға депортацияланған ұйғыр мұсылмандарына Қытайдың қауіпсіздік күштері «ИСИМ содырларына барып қосылмақ болған террориссіңдер» деген айып тағып отыр. Қытай билігінің мәлімдеуінше, олар Сирия шекарасын кесіп өту үшін Түркияға бет алған  «заңсыз иммигрант» (109 адамнан тұратын ұйғыр мұсылмандарын айтып отыр – ред.) болып шықты. Алайда, Түркия қайда, Тайланд қайда? Олардың Тайландтқа қалай тап болғанын да түсіндіруін талап еткен емес. Қытай теледидарынан көрсеткендей, Қытайдың әскери жасақтары ұйғыр мұсылмандарының басына қап кигізіп, Тайландтан белгісіз бағытқа алып барады. Қытай билігі, бұған қоса, оларға Еуропадағы Бүкіл әлемдік ұйғырлар конгресінен оқу құралдарын алып, радикалды жолға түскен деген қосымша айып тағып отыр. Бұл жайында «IslamNews» порталы «The Daily Mail» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып хабар таратты. 

1 пікір
Мұрағат