Атмосферадан көмірқышқыл газын аулаудың тиімді тәсілі табылды
Атмосферадан көмірқышқыл газын аулаудың тиімді тәсілі табылды
10 ай бұрын 815 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар таза және салыстырмалы түрде арзанға түсетін геотермалдық энергиямен жұмыс істейтін атмосферадан көмірқышқыл газын алу әдісін ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы Environmental Research Letters мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Тың тәсіл CO2-ні пайдалану және сақтау (Direct Air CO2 Capture with CO2 Utilization and Storage, DACCUS) арқылы тікелей ауадан көмірқышқыл газын аулау» деп аталады. Ол жер астындағы көміртекті секвестрлеу (оқшаулау) үшін терең, тұзды сулы жиектен геотермиялық жылуды пайдалануды ұйғарады. Көмірқышқыл газының бір бөлігі жылуды бетіне тасымалдау үшін пайдаланылуы мүмкін, онда оны бүкіл жүйені қуаттандыру үшін электр энергиясына айналдыруға болады. Сарапшылар ауқымды геотермалдық көздер орналасқан Парсы шығанағы жағалауында DACCUS-тың тиімділігін зерттеп, тексеріп көрді.

Ұқсас материалдар:

«Ғалымдар ағашқа көмірқышқыл газын сіңіріп, оны ағашта «ұстап» тұру жолын тапты» (https://islam.kz/kk/news/gylym/galymdar-agashqa-komirqyshqyl-gazyn-sinirip-ony-agashta-ustap-turu-jolyn-tapty-18196/#gsc.tab=0);

«Көмірқышқыл газын мейлінше тез аулайтын жүйе жасалды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/komirqyshqyl-gazyn-meilinshe-tez-aulaityn-juie-jasaldy-16867/#gsc.tab=0);

«Атмосферадан көмірқышқыл газын жоюдың оңай жолы табылды. Ол үшін тек пластик қалдықтары керек» (https://islam.kz/kk/news/gylym/atmosferadan-komirqyshqyl-gazyn-joyudyn-onai-joly-tabyldy-ol-ushin-tek-plastik-qaldyqtary-kerek-16715/#gsc.tab=0);

«Көмірқышқыл газын оттегіге айналдырудың жолы табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/komirqyshqyl-gazyn-ottegige-ainaldyrudyn-joly-tabyldy-15991/#gsc.tab=0);

«Жасанды жапырақ табиғи жапыраққа қарағанда көмірқышқыл газын 100 есе тез сіңіреді» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jasandy-japyraq-tabigi-japyraqqa-qaraganda-komirqyshqyl-gazyn-100-ese-tez-siniredi-16344/#gsc.tab=0);

«Көмірқышқыл газын сіңіретін тас жол жабындысы жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/komirqyshqyl-gazyn-siniretin-tas-jol-jabyndysy-jasaldy-16833/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат