Ажырасудың биологиялық себебі айтылды
Ажырасудың биологиялық себебі айтылды
3 жыл бұрын 2997 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Ресейлік эндокринолог Ольга Деревянко «Говорит Москва» радиоторабына берген сұхбатында ерлі-зайыптылар арасының суып, ажырасуына апаратын биологиялық себепті айтты. Бұл жайында islam.kz порталы «Жаңалықтар» ресейлік ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Білікті маман үйдегі ерлі-зайыптылар арасындағы жиі қайталанатын ұрыс-керіс пен жанжал аурудың белгісі болуы мүмкін екенін жеткізді. Тәжірибелі дәрігер ерлі-зайыптылар арасындағы стреске толы мұндай қатынас тиреотоксикоздың  (синонимі — гипертиреоз, қалқанша без гормоны) белгісі болуы мүмкін екенін де ескертіп өтті. Осылай дей келе ол адамның эмоциялық фонына гормондардың қатты әсер ететінін еске салып өтті. Оның айтуынша, бұл қиындықты дәрі-дәрмектің көмегімен еңсеруге болады.  Осы орайда Мария Демура есімді тағы бір ресейлік сарапшының мына бір пікірін де айта кеткенді жөн көріп отырмыз: адамның шектен тыс тойып тамақтануының бір ұшы өзінің эмоциялық жай-күйін түсінбеуде жатады. Яғни, өзінің эмоциясын (ашу-ыза, зерігу, жалғыздықтан қапалану, т.б.) бақылауда ұстай алмай қалады, көбінесе ағымсыз эмоцияны ас-ауқатпен басып тастағанды жөн көреді.

0 пікір
Мұрағат