Диета ұстаудың жас шегі айтылды
Диета ұстаудың жас шегі айтылды
3 жыл бұрын 2144 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Семіздік індеті мен артық салмақтан пайда болатын түрлі қатерлі аурулардың алдын алу немесе сыр-сымбатын сақтау үшін тамақтан тартынып, құнарлы астан тиылып, диета ұстайтындар қарасы артып келеді. Осыған байланысты Мәскеу мемлекеттік медицина-стоматологиялық университетінің поликлинка терапиясы кафедрасының профессоры, геронтолог дәрігер Юрий Конев Sputnik радиоторабына берген сұхбатында диета ұстаудың да өз жөні мен жас шегі барын тілге тиек етті. Бұл жайында islam.kz порталы аталған ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Білікті маманның айтуынша, жасы ұлғайған адам үшін диета денсаулыққа пайдалы емес, керісінше қауіп төндіреді. Дәлірегі, алпысты алқымдағаннан кейін диета ұстаудың қажеті жоқ. 60 жасқа дейін арықтап үлгерудің маңызы зор, өйткені, жас ұлғайған сайын адамның биологиялық жадысы, дәлірегі, созылған асқазаны тамақ тілеп тұрады. Диета адам организіміндегі зат алмасу процесіне әсер ете отырып, физиологиялық параметрлерді өзгертеді. Бұл көрсеткіштер өз кезегінде егде жастағы адамдарға кері әсерін тигізбек.

0 пікір
Мұрағат