Балалардағы жөтелді массаж арқылы қалай кетіруге болады? (видео)
Балалардағы жөтелді массаж арқылы қалай кетіруге болады? (видео)
8 жыл бұрын 9003

Жөтел - тыныс алу жолдарының қабынуынан болатын организмнің қорғаныш реакциясы. Жөтел мұрын, көмей, жұтқыншақ, кеңірдек және кеңірдек тарамдарының қуысындағы жөтелдік рецепторлар тітіркенген кезде пайда болады. 

Жөтелдің ұзақтығына байланысты қысқа мерзімді, тұрақты, эпизодикалық және ұстамалық түрлері бар. Ал жөтелдің ағымы бойынша өткір және созылмалы екі түрі болады. Өткір жөтел 3 айға дейінгі мерзімге созылса, созылмалы түрі үш ай және одан да көп уақыт науқасты мазалайды

Өткір жөтел, негізінен, суық тиіп сырқаттану кездерінде, яғни, өткір респираторлық вирустық инфекция, пневмония, өткір бронхит, көкжөтел ауруларында жиі кездеседі. Ал созылмалы жөтел өкпенің созылмалы аурулары, демікпе, кеңірдек тарамдарының ісігі, туберкулез, өкпенің ісігі кезінде пайда болады.

«Жөтел ауру емес, алайда, қандай да бір сырқаттың белгісі болып табылады. Сондықтан, алдымен жөтелдің пайда болу себебін анықтап алған дұрыс. Жөтел кезінде жылы минералды сұйықтықтарды көбірек ішкен жөн. Арнайы тұрмыстық құралдардың көмегімен ауаны ылғалдандырып отыру қажет. Дұрыс тамақтануға көңіл бөліп, сүт, ұн өнімдерін, тәттіні жөтел бар кезде пайдалануды доғарған жөн», - дейді мамандар.

Ал балалардағы жөтелді массаж арқылы қалай кетіруге болатынын орыс тіліндегі «Baby ГИД» телебағдарламасындағы мына бейнематериалдан көруге болады.

Жөтел туралы медициналық ақпарат Интернеттен алынды. 

1 пікір
Мұрағат