|
Жапонияда тұмауды бір күнде емдей алатын дәрі шығарылады
|
Жапонияның фармакологиялық компаниясы 2018 жылы адамды тұмаудан бір күнде емдей алатын дәрі шығаруы көздеп отыр, деп хабарлады РИА Новости.
Жаңа дәрі вирустың тарауына жол бермей, оны жояды. Препарат вирустың көбеюіне әсер ететін ферменттердің пайда болуына кедергі келтіреді. Осының арқасында аталған дәріні пайдаланып, бір күнде емделуге болады.
Дәрі Жапонияда алғашқы клиникалық сынақтан өтіп, өзінің тиімділігін көрсетті, деп жазды «Никкэй» газеті. Екінші кезең тұмауға шалдығу деңгейі ұлғаятын қараша айында басталады. Препарат жүздеген науқасқа беріледі.
Жапонияның денсаулық сақтау министрлігі дәрінің тиімділігі мен қауіпсіздігі дәлелденген соң және лицензия алу үдерісінен кейін оның 2018 жылы сатылымға шығу мүмкіндігін айтты.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қытай шөл далада бидай мен қара бидайдың алып буданын өсіреді
■
Қытай ғалымдары көмір электр стансаларының газын арзан және тиімді тыңайтқышқа айналдыратын жолды тапты
■
Адам психикасына сәтсіз некенің жалғыздақтан да ауыр әсер ететіні анықталды
■
Жасанды зерденің өз санасы пайда болатын күн алыс емес
■
Қауіпті бактериялар «жанының сірілігінің» құпиясы ашылды