|
Yamaha мотоциклші-роботты шығарды (бейне)
|
Жапонияның Yamaha компаниясы бұл жаңалығымен YouTube сайтында бөлісті. Бейнероликте Motobot гуманоид-роботы мотоциклмен әрі-бері кес-кестеп жүр. Мотоциклдің екі жағына қосымша тіреуіш орнатылған. Робот көліктің жылдамдығын арттыру, тежеу, оны бұруды біледі. Қазір ол жылдамдықты сағатына 100 шақырымға дейін арттырады. Келешекте бұл көрсеткішті 200 шақырымға дейін ұлғайту жоспарлануда. Бір қызығы, бұл роботтың қолданылу мақсаты туралы өндіруші ешбір ақпарат берген жоқ, деп хабарлайды gazeta.ru.
Дайындаған: Г.Абилова
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды