Көбейіп келе жатқан адамзатты азықпен қамтамасыз етудің жолы табылды
Көбейіп келе жатқан адамзатты азықпен қамтамасыз етудің жолы табылды
1 жыл бұрын 2130 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Корнелл университетінің (АҚШ) ғалымдары фотосинтез процесі шапшаң жүретін, өнімділігі жоғары ауылшаруашылық өсімдіктерін өсіру жолын тапты. Бұл жайында islam.kz порталы бұл бағыттағы зерттеу материалы жарияланған Proceedings of the National Academy of Sciences ғылыми мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылайша зерттеушілер 2050 жылға қарай тоқтаусыз өсіп келе жатқан әлем халқын азық-түлікпен жеткілікті деңгейде қамамасыз ету үшін шектеулі аумақтарда егін өнімділігін арттыруға болатын көрсетті. Хлоропласттардың құрамында карбоангидраза ферменті бар. Ол бикарбонат (HCO3) және көмірқышқыл газы мен су арасындағы өзара конверсия реакциясын катализдейтін C3 жолы арқылы көміртекті бекітетін өсімдіктердің фотосинтез процесін жеңілдетеді. Бұл сіңімді көмірқышқыл газы мен бикарбонат арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етеді. Сондықтан фотосинтез өнімділігі мен тиімділігі үшін карбоангидраза жойылуы керек. Білікті мамандар CRISPR/Cas9 гендік өңдеу жүйесін қолдана отырып, хлоропластар ішіндегі β-CA1 және β-CA5 көміртегі ангидразасының екі түрін кодтайтын екі геннің белсенділігін бұғаттау арқылы өсімдіктердің өсу әрі өнім беру тиімділігін және өнімділігін арттыра алған.

Ұқсас материалдар:

«Құрғақшылық жайлағанда астық түсімін арттыратын тиімді тәсіл табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/qurgaqshylyq-jailaganda-astyq-tusimin-arttyratyn-tiimdi-tasil-tabyldy-18047/#gsc.tab=0);

«Құрғақшылыққа төзімді ету үшін өсімдіктердің метаболизмін өзгертпек» (https://islam.kz/kk/news/gylym/qurgaqshylyqqa-tozimdi-etu-ushin-osimdikterdin-metabolizmin-ozgertpek-14307/#gsc.tab=0);

«Өсімдіктің құрғақшылыққа қалай қарсылық көрсететіні (тетігі) анықталды – астық түсімін арттыратын жаңалық» (https://islam.kz/kk/news/gylym/osimdiktin-qurgaqshylyqqa-qalai-qarsylyq-korsetetini-tetigi-anyqtaldy-astyq-tusimin-arttyratyn-janalyq-16453/#gsc.tab=0);

«Аптап ыстыққа төзімді бидай шығарылды» (https://islam.kz/kk/news/madeniet/aptap-ystyqqa-tozimdi-bidai-shygaryldy-13540/#gsc.tab=0);

«Бидайдан гөрі жаһандық жылынуға төтеп беретін астықты өсімдік» (https://islam.kz/kk/news/gylym/bidaidan-gori-jahandyq-jylynuga-totep-beretin-astyqty-osimdik-14713/#gsc.tab=0);

«Өсімдіктің суды үнемдеуіне мүмкіндік беретін тың тәсіл табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/osimdiktin-sudy-unemdeuine-mumkindik-beretin-tyn-tasil-tabyldy-15051/#gsc.tab=0);

«Өсімдіктірдің аптап ыстыққа төтеп беруіне көмектесетін бактерия табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/osimdiktirdin-aptap-ystyqqa-totep-beruine-komektesetin-bakteriya-tabyldy-15017/#gsc.tab=0);

«Астық немесе жеміс түсімін арттыратын биометан жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/astyq-nemese-jemis-tusimin-arttyratyn-biometan-jasaldy-16402/#gsc.tab=0);

"ГМО өсімдік климат дағдарысынан құтқарады" (https://islam.kz/kk/news/arturli/gmo-osimdik-klimat-dagdarysynan-qutqarady-16401/#gsc.tab=0);

"Қытайлар аштықпен күресудің тың тәсілін ойлап тапты" (https://islam.kz/kk/news/alem/qytailar-ashtyqpen-kuresudin-tyn-tasilin-oilap-tapty-16441/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат