Сперматозоидтің қозғалу сыры ашылды
Сперматозоидтің қозғалу сыры ашылды
3 жыл бұрын 3436 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Жапон ғалымдары анықтағандай, SPATA33 ақуызы сперматозоидтің қозғалысын реттеуде маңызды рөл ойнайтыны белгілі болды. Бұл жайында islam.kz порталы бұл бағыттағы зерттеу материалы жарияланған Proceedings of the National Academy of Sciences мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Күншығыс елі ғалымдарының айтуынша, аталмыш ақуыз өз кезегінде ерлер контрацептиві үшін, дәлірегі, белсіздігін емдеуде қолданылуы мүмкін. Бұрыннан белгілі болғандай, сперматозоидтің қоозғалысын реттеуде кальциневрин – кальциге тәуелді фермент маңызды рөл ойнайды. Оны бұл тарапта арнайы жүргізілген тәжірибе барысында зертханадағы тышқан еркегінің ингибиторына енгізгенде аз уақытқа белсіздік тудырған еді, сол себепті, аталған зат ерлер контрацептивін әзірлеуде маңызды рөл ойнайды. Бұдан бөлек, кальциневрин иммунитет үшін де маңызды рөл ойнайтынын айта кету керек, сол себепті де сперматозоидтегі ферменттің қызметін тікелей реттейтін тетік құпиясын ашу маңызды міндеттердің бірінен саналады. Осака университетінің ғалымдары кальциневринмен байланыстырушы ақуызда жиі кездесетін PxIxIT нуклеотидке тән тізбекке мотив ретінде, яғни, қолдануға болатын тәсіл ретінде назар аударған еді. 20 мыңға тарта кеміргіш тән осындай мотивпен ұрықта экспрессияға ұшараған сегіз ақуызды бөліп алған еді. Ғалымдар CRISPR/Cas9 генді редакциялау жүйесінің көмегімен кейбір тышқандардан бұрын зерттелмеген үш ақуызды кодтайтын гендер экспрессиясын тоқтатқан еді. SPATA33 ақуызы «ажыратылған» тышқанның сперматозоидінің қозғалысы баяулап кеткен. Белгілі болғандай, SPATA33 ақуызы кальциневриннің қызметін реттейтін болып шықты. Ны ажыратқан кезде фермент сперматозоид құйыршығындағы өз орнын таппай қалған, бұл айт өз кезегінде сперматозоид құйыршығының қозғалысының шектелуіне апарып соқтырған.

Ұқсас материалдар:

«Сперматозоидтің неліктен тігінен жылжитыны белгілі болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/spermatozoidtin-nelikten-tiginen-jyljityny-belgili-boldy-14654/#gsc.tab=0);

«Сперматозоидтің таңғажайып «биі»: белсіздікпен күрестің тың тәсілі пайда болуы мүмкін» (https://islam.kz/kk/news/gylym/spermatozoidtin-tangajaiyp-bii-belsizdikpen-kurestin-tyn-tasili-paida-boluy-mumkin-video-13948/#gsc.tab=0);

«Жылу стресінің шәуһатты қалай зақымдайтыны белгілі болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jylu-stresinin-shauhatty-qalai-zaqymdaityny-belgili-boldy-14338/#gsc.tab=0);

«Аптап ыстық құрсақтағы ұрықтың дамуына теріс әсерін тигізеді» (https://islam.kz/kk/news/alem/aptap-ystyq-qursaqtagy-uryqtyn-damuyna-teris-aserin-tigizedi-15541/#gsc.tab=0);

«Шәуһадтың да жадысы бар болып шықты» (https://islam.kz/kk/news/gylym/shauhadtyn-da-jadysy-bar-bolyp-shyqty-13500/#gsc.tab=0);

«Ширек ғасырдан кейін ерлер ұрпақ өрбіту қабілетінен айырылуы мүмкін...» (https://islam.kz/kk/news/arturli/shirek-gasyrdan-keiin-erler-urpaq-orbitu-qabiletinen-aiyryluy-mumkin-15188/#gsc.tab=0);

«Ұрықтан дененің қалыптасуының алғашқы сәті таспаға тартылып қалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/uryqtan-denenin-qalyptasuynyn-algashqy-sati-taspaga-tartylyp-qaldy-video-14784/#gsc.tab=0);

«Қандай жұптарда ұл бала көп пайда болатыны анықталды» (https://islam.kz/kk/news/madeniet/qandai-juptarda-ul-bala-kop-paida-bolatyny-anyqtaldy-13474/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат