Ұрық қозғалысының Ньютон заңына бағынбайтыны анықталды
Ұрық қозғалысының Ньютон заңына бағынбайтыны анықталды
5 ай бұрын 703 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Сперматозоидтқа, яғни, флагеллалардың тұтқыр ортада қозғалған кездегі тербелісі әрекет пен реакция теңдігі заңын – Ньютонның үшінші заңын айналып өтуге мүмкіндік береді. Бұл жайында islam.kz порталы journals.aps.org сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Киото университетінің (Жапония) ғалымдары сперматозоидтар мен басқа да микроскопиялық биологиялық жүзгіштердің қозғалысын зерттеп, олардың қозғалысына кедергі келтіретін тұтқыр ортаны қалай еңсеретінін анықтады. Бұл тараптағы талдау нәтижесі сперматозоидтер (флагеллалар) қозғалысының Ньютонның үшінші заңы үстемдік еткен қоршаған ортаның қарсы әрекетін, яғни, реакциясын еңсеруге мүмкіндік беретінін көрсетті. Әлемге әйгілі ғалымның үшінші заң бойынша әрбір әрекет қарсы әрекетті (реакцияны) тудырады. Бұл бағытта күншығыс елінің ғалымдары балдырлардың кей түрлері мен сперматозоидтердің  (флагеллалардың) нақтысында қарсы әрекетке тең болатын қажетті күш жұмсамай, мейлінше аз күшпен қоршаған ортадағы кедергіні еңсере алатынына көз жеткізген. Яғни, тұтқыр ортада қиналмай жүзе алатын болып шықты. Ғалымдар флагеллалардың энергияны үнемдеу үшін белгілі бір қимылмен қозғалатынын анықтады. Сұйықтық қозғалысына жауап ретінде аздап толқын қалыптастыра отырып, флагелла тең келетін және қарама-қарсы реакцияны болдырмайды, осылайша энергиясын сақтайды. Бұл жаңалық ең алдымен организмнің қажетті жеріне дәрі тасымалдайтын титтей роботтарды жасауда маңызды.

Ұқсас материалдар:

«Сперматозоидтің қозғалу сыры ашылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/spermatozoidtin-qozgalu-syry-ashyldy-15672/#gsc.tab=0);

«Сперматозоидтің неліктен тігінен жылжитыны белгілі болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/spermatozoidtin-nelikten-tiginen-jyljityny-belgili-boldy-14654/#gsc.tab=0);

«Сперматозоидтің таңғажайып «биі»: белсіздікпен күрестің тың тәсілі пайда болуы мүмкін» (https://islam.kz/kk/news/gylym/spermatozoidtin-tangajaiyp-bii-belsizdikpen-kurestin-tyn-tasili-paida-boluy-mumkin-video-13948/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат