Зағипке көруге мүмкіндік беретін жасанды көз бес жылдан соң дайын болады
Зағипке көруге мүмкіндік беретін жасанды көз бес жылдан соң дайын болады
4 жыл бұрын 2748 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Зағип жандарға мына жалғанды көруге мүмкіндік беретін әлемдегі алғашқы, жасанды көз қарашығы бес жыл шамасында пайда болып қалуы мүмкін. Бұл жайында Fox Business ақпарат көзі Гонконг ғылым және технология университетінің ғалымдарының мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып хабар таратты. Осы орайда аталмыш жоғарғы оқу орны ғалымдарының құрылымы мен сипаттамасы, т.б. кәдімгі адам көзін имитациялайтын бионикалық көз прототипін жасаған болатын. Көп ұзамай адамның ең маңызды ағзасын алмастыруы тиіс бұл құрылғы төңіректегі бейнелерді жарыққа сезімтал көз торлары рецепторының баламасы қызметін атқаратын титтей датчик арқылы сигналға айналдырады. Бұл бағытта жатпай-тұрмай ізденіп, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатқан ғалымдардың айтуынша, аталмыш технологияны жетілдіріп, нақты қолданысқа енгізуге шамамен бес жылдай уақыт кетеді.

0 пікір
Мұрағат