|
МЬЯНМА БИЛІГІ МЕШІТ ПЕН МЕДРЕСЕЛЕРДІ СҮРІП ТАСТАУҒА ПӘРМЕН БЕРДІ
|
Мьянма мемлекетінің Ракхайн штатының билігі ондаған мешіт пен медресені сүріп тастауға бұйрық шығарып отыр.
Штаттың қауіпсіздік министрі, полковник Хтейн Линн хабарлағандай, Монгдо қаласындағы 9 мешіт пен 24 медресе, Бутхидонг қаласындағы 3 мешіт пен 11 медресе сүріліп тасталмақ. Штат биілігі өздерінің бұл шешімін құлшылық ордаларының құжаттары дұрыс болмауы себепті деп түсіндіріп отыр.
Айта кетейік, Мьянмадағы ең кедей штат саналатын Ракхайндағы рохиньялық мұсылмандар саны 125 000-ның үстінде. Олардың көбісінің азаматтығы жоқ.
Аймақта жаңа мешіттер мен діни мектептер салуға сонау 1962-жылдан бері тыйым салынған болатын.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды