|
Ақтөбеде іздеуде жүрген ең соңғы террорист ұсталды
|
Ақтөбе облыстық терроризммен күрес бойынша жедел штабы жүргізген іс-шаралар нәтижесінде қалған қылмыскерлердің Жаманқұлов – Пушкин көшелері қиылысы аумағында болуы ықтимал деген ақпарат алынды. Тексеру барысында ақпарат расталды.
Қабылданған шаралармен Бақыт Қуанышбаев, Арсен Таңатаров және Әлібек Ақпанбетов ұсталды. Ақпанбетов қашуға әрекет ету барысында аяғына оқ тиіп жараланды.
Терроризмге қарсы іс-қимыл аясындағы заңнамаға және террорға қарсы операция режиміне сәйкес Жаманқұлов көшесіндегі № 15 тұрғын үйде фильтрациялық іс-шаралар жүргізілді.
Террористерден 5 маусымда «Паллада» дүкенінен ұрланған 2 қару алынды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды