“Ағашқа жерлеу” түрі кең етек алып келеді
“Ағашқа жерлеу” түрі кең етек алып келеді
1 сағат бұрын 28 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Woongjin Preed Life

Оңтүстік Кореяның жерлеу ғұрпында “техтоникалық”өзгеріс болып жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы The Chosunilbo ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Таңғы шық елінің Woongjin Preed Life жерлеу бюросы 2013-2025 жылдар аралығындағы ақтық сапарға шығарып салу ғұрпына қатысты 241 330 жерлеу рәсімдерін талдай келе кейіннен пайда болған жерлеу салтының үлесі төрт еседен асқанын анықтады - 7,7%-дан 33,5%-ға дейін. Мемориалды залында жерлеу көрсеткіші (34,2%) ұзақ уақыт бойы бірінші орында тұрған еді - осы уақытқа дейін бар-жоғы 0,7 пайыздық тармаққа қана төмендеген. Десе де бұл тараптағы рейтингтегі өзгерістер елеулі: 2013 жылы мемориалдық залдар (37,1%), мәйіттің күлін шашу арқылы жерлеу үлесі (29,1%), көму, яғни, жер қойнына тапсыру арқылы ақтық сапарға шығарып салу (22,3%) және ағашқа жерлеу рәсімі (7,7%). 2025 жылға таман “ойын ережесі” толығымен өзгерді: мемориалдық залдар (34,2%), ағашқа жерлеу (33,5%), мәйіттің күлін шашу (18,7%) және жер қойнына тапсыру (5,3%). Кореялықтардың әдеттегі жерлеу ғұрпы 22,3% -дан 5,3% -ға дейін төмендеді - бұрынғы деңгейдің төрттен біріне тең көрсеткіш. Осы орайда ағашқа жерлеу рәсімінің әдетте өртелген қалдықтарды, дәлірегі, мәйіттің күлін экологиялық қоқыс жәшігіне орналастыруды және ағаш тамырынан 30-50 см төмен тереңдікте көмуді ұйғаратынын айта кетпекпіз, Осылайша ағаш ққайтқан кісінің басын қарайтатын белгі әрі зират ретінде қызмет атқарады, яғни, туыстары кез келген уақытта бара алатын тұрақты мемориалды орынға айналады. Урбанизация, демография секілді факторлардан әрі отбасы институтының құндылық ретіндегі маңызының кемуінен жерлеу ғұрпына көзқарас өзгерген. Бала саны шектеулі және мегаполисте тұратын көптеген нуклеарлық отбасылар дәуірінде шалғайдағы ата-бабаларының зиратына күтім жасау ауыртпалыққа айналды. Корейлердің мемориалды залдан бас тартуына ең алдымен  мемориал қожайыны мен мәйіт туыстары арасындағы келісім-шарт мерізімі аяқталғаннан кейінгі жалдау ақысының өсуіне қатысты дау-дамай ссебеп болып жатады. “Табиғатқа қайта оралу” деп аталатын экологиялық жерлеу жоралғысы климат дағдарысына байланысты көкейтесті мәселеге айналған. Яғни, қоршаған ортаны қорғау бағытындағы құндылықпен сәйкес келеді. Дегенмен, ағашқа жерлеу ғұрпына сұраныс артып келе жатқанымен жерлеу инфрақұрылымы бұрынғы жоралғыға негізделгендіктен ағаш егу науқандарының қажеттілігін арттыра түскен. Ағаш егетін аумақты алудың өзі жекелеген тұлғалардың қолынан келмейді немесе құжат жинау, рұқсат алу машақаты көп. Мұндай іспен арнайы жерлеу орындары айналысады. Мәйіттің күлін шашу ғұрпына келсек (жерлеу процедураларындағы үлесі - 18,7%), кремацияланған қалдықтар таулы аймақта немесе теңізге шашылады. Өткен жылдың қаңтары айында жерлеудің бұл түрі заңдастырылғанымен осы жерлеу ғұрпын қолданатындар жағадан 5 шақырым қашықтықтағы жерлеу мекемелері мен теңіз аймақтарында арнайы белгіленген орындарда мәйіттің күлі шаша алады. Бұл едәуір жолға уақыт кетіру секілді әуресі бар ғұрып.

0 пікір
Мұрағат