Тропикалық белдеуде жылына 100 мыңдай адам ластанған ауадан өлген
Тропикалық белдеуде жылына 100 мыңдай адам ластанған ауадан өлген
2 жыл бұрын 1378 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Marcin Jozwiak / Unsplash

Халықаралық ғалымдар тобы тропикалық белдеуде орналасқан қалалы жерлердегі ластанған ауаның жылына 100 мыңдаған адамның ажалына себеп болып отырғанын анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Science Advances мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар бұл тарапта Африка құрлығындағы, Азия мен Таяу шығыстағы 46 мегаполистің ауа сапасына қатысты 2005-2018 жылғы деректерді НАСА мен Еуропалық ғарыш агенттігінің құралдарының көмегімен сараптамадан өткізген екен. Барлық қаланың ауа құрамында адам денсаулығына тікелей қауіп төндіретін ластаушы заттардың жыл сайын едәуір артып бара жатқанына алаңдаушылық білдірді. Мәселен, азот диоксидінің мөлшері 14 пайызға, ұсақ дисперлік бөлшектер сегіз пайызға, аммиак 12 пайызға, ұшпалы органикалық қосындылар 11 пайызға артып отырған. Бұған мұнай, көмір секілді қазбалы отын ресурстарымен жұмыс істейтін өнеркәсіп пен өндіріс орындары, сондай-ақ, жол қозғалысы, қоқыстың өңдеу процесі себеп болып отыр. Ғалымдар, сонымен қатар, азот диоксиді бойынша 46 қаланың 40-да және PM2.5 бөлшектері бойынша 46 қаланың 33-де қалалық ауаның ластануы әсерінің 1,5-4 есе артқанын анықтады. Ластанған  ауадан өлендер саны бойынша Азия аймағы көш бастаған, әсіресе, оңтүстік Азия қалаларында бұл бағыттағы көрсеткіш тым жоғары: бір ғана Бангладеште жылына (24 мыңнан аса адамның) және Үндістанның кей қалаларында, атап айтқанда, Мумбаий, БангалорКалкуттаХайдарабадЧеннаиСуратПуна және Ахмедабад қалаларында жылына шамамен 100 000 адамның  ауаның ластануынан көз жұматынын анықтады. 

Ұқсас материалдар: 

«Нормадан тыс көміртек газының 4 тоннасы бір адамның ажалына себеп болып отыр – зерттеу» (https://islam.kz/kk/news/alem/normadan-tys-komirtek-gazynyn-4-tonnasy-bir-adamnyn-ajalyna-sebep-bolyp-otyr-zertteu-15561/#gsc.tab=0); 

«Климат өзгерісіне байланысты төтенше ауа райынан болатын өлім-жітім екі есеге артады» (https://islam.kz/kk/news/alem/klimat-ozgerisine-bailanysty-totenshe-aua-raiynan-bolatyn-olim-jitim-eki-esege-artady-16516/#gsc.tab=0); 

«Адамзат тыныс алып отырған ауа үшін ақы төлеу жүйесіне көшуі мүмкін» (https://islam.kz/kk/news/alem/adamzat-tynys-alyp-otyrgan-aua-ushin-aqy-toleu-juiesine-koshui-mumkin-15633/#gsc.tab=0);

"Лас ауадан өілім-жітім көбейіп барады" (https://islam.kz/kk/news/alem/las-auadan-oilim-jitim-kobeiip-barady-15724/#gsc.tab=0);

«Ауаның ластануынан өлгендер саны короновирустан көз жұмғандардан екі есе көп» (https://islam.kz/kk/news/alem/auanyn-lastanuynan-olgender-sany-koronovirustan-koz-jumgandardan-eki-ese-kop-15058/#gsc.tab=0);

"Жылына 7 миллион адам ауаның ластануы салдарынан көз жұмады" (https://islam.kz/kk/news/madeniet/jylyna-7-million-adam-auanyn-lastanuy-saldarynan-koz-jumady-10143/#gsc.tab=0);

«Өткен жылы ауаның ластануынан 500 мыңдай бала көктей солды» (https://islam.kz/kk/news/alem/otken-jyly-auanyn-lastanuynan-500-myndai-bala-koktei-soldy-14313/#gsc.tab=0);

«Таяу Шығыстағы бір ғана елде ауаның ластануынан жыл сайын 33 мың адам опат болады» (https://islam.kz/kk/news/alem/tayau-shygystagy-bir-gana-elde-auanyn-lastanuynan-jyl-saiyn-33-myn-adam-opat-bolady-12796/#gsc.tab=0);

"Азия, Африка және Таяу Шығыстан миллиондаған адам мерзімінен бұрын опат болуы мүмкін" (https://islam.kz/kk/news/alem/aziya-afrika-jane-tayau-shygystan-milliondagan-adam-merziminen-buryn-opat-boluy-mumkin-11608/#gsc.tab=0);

«Жылына 7 миллион адам ауаның ластануы салдарынан көз жұмады» (https://islam.kz/kk/news/madeniet/jylyna-7-million-adam-auanyn-lastanuy-saldarynan-koz-jumady-10143/#gsc.tab=0);

"Әлемдегі әрбір бесінші өлім-жітімнің себебі айтылды" (https://islam.kz/kk/news/alem/alemdegi-arbir-besinshi-olim-jitimnin-sebebi-aityldy-14798/#gsc.tab=0);

«Жылына ауаның ластануынан қанша экономикалық шығын келеді немесе адам шығыны қанша» (https://islam.kz/kk/news/alem/jylyna-auanyn-lastanuynan-qansha-ekonomikalyq-shygyn-keledi-nemese-adam-shygyny-qansha-11160/#gsc.tab=0);

«Өткен жылы атмосфераға бөлінген қауіпті газдың мөлшері рекордтық деңгеге жеткен» (https://islam.kz/kk/news/alem/otken-jyly-atmosferaga-bolingen-qauipti-gazdyn-molsheri-rekordtyq-dengege-jetken-16616/#gsc.tab=0);

"Ауадағы қатты бөлшектерден өлім-жітім көрсеткіші төмендеп келеді" (https://islam.kz/kk/news/alem/auadagy-qatty-bolshekterden-olim-jitim-korsetkishi-tomendep-keledi-16044/#gsc.tab=0);

"Ауаның ластануы жүрек құрылымын өзгертеді − ғалымдар" (https://islam.kz/kk/news/arturli/auanyn-lastanuy-jurek-qurylymyn-ozgertedi-galymdar-10676/#gsc.tab=0);

 

0 пікір
Мұрағат