Азиялық жігіттің ерлігі: АІ-ге өз қатесін табуға көмектесетін жүйе ойлап тапты
Азиялық жігіттің ерлігі: АІ-ге өз қатесін табуға көмектесетін жүйе ойлап тапты
34 минут бұрын 32 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Hoang Trong Nghia

Вашингтон мемлекеттік университетінің информатика жөніндегі маманы өз қателіктерін анықтауға қабілетті жасанды зерде жүйесін ойлап тапқаны үшін Америка құрама штаттарының ұлттық ғылыми қорынан CAREER сыйлығына ие болды. Бұл жайында islam.kz порталы VietNamNetақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ресми түрде “Оқытушылар мансабын ерте дамыту бағдарламасы” деп аталатын CAREER сыйлығы бес жылда бір мәрте беріледі. Аталмыш сыйлық қоры - 600 000 доллар. Бұл қор бағдарламасының сипаттамасына сәйкес жас ғалымдар үшін NSF-тің флагмандық гранты саналады. Хоанг Чонг Нгиа есімді 39 жастағы вьетнамдық жігіт жасанды зерде технологиясында үздік жетістікке жетті. Оның негізгі зерттеуі денсаулық сақтау, білім беру, қаржы жүйесі, өздігінен жүретін көлік, т.б. адам өмірі мен тағдырына жауапты салаларға кеңінен енгізіліп жатқан жасанды зердеге өзінің қателігін тап басуға тануға бағытталған. Әсіресе, науқастың дертін анықтау (диагноз қою) мен емін тағайындауда маңызы зор мұндай жаңалықтың.

Хоанг Чонг Нгианың мансабынан:

Ханой қаласында (Вьетнам астанасы) өмірге келген Нгия Вьетнамның ең беделді мектептерінің бірінен саналатын Дарынды орта мектепте оқыды, содан кейін 2009 жылы VNU-HCM жанындағы ғылым университетте ақпараттық технологиялар бойынша бакалавр бағдарламасын үздік аяқтады. Ол информатика бойынша докторлық диссертациясын 2015 жылы Сингапур ұлттық университетінде доцент Киан Сян Лоудың жетекшілігімен қорғады. Ол 2017 жылға дейін NUS-та ғылыми қызметкер болып қалды, содан кейін Ақпараттық және шешім қабылдау жүйелері зертханасында постдокторант ретінде Массачусет технологиялық институтына қосылды. 2018 жылдан 2020 жылға дейін ол Массачусет штатының Кембридж қаласындағы Watson MIT-IBM жасанды интеллект зертханасында зерттеу қызметкері болып жұмыс істеді. Содан кейін ол Калифорнияның Санта-Клара қаласындағы AWS AI Amazon зертханасына 2020-2022 жылдары аға ғылыми қызметкер ретінде жұмысқа тұрды, содан кейін 2023 жылы WSU-дағы қазіргі лауазымға орналасу үшін академияға оралды.

 

0 пікір
Мұрағат