Ауадағы ұсақ бөлшектер суицид жиілігін арттыруда
Ауадағы ұсақ бөлшектер суицид жиілігін арттыруда
2 ай бұрын 681 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қоршаған ортаның ластануынан демікпе, өкпе обыры, жүрек-қан тамыр аурулары, өлім-жітім көрсеткіші артып, сондай-ақ, ластанған ауаның алжуға ұрындыратыны анықталған еді осы уақытқа дейін. Ластанған ауаның адам психикасына кері әсері таяудағы зерттеуде анықталды. Бұл жайында islam.kz порталы Nature Sustability мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қытай ғалымдары ауаның ластануынан өз-өзіне қол жұмсау оқиғаларының көбейіп кеткеніне алаңдаулы. Ластанған ауа күйзеліске бастайды, бұл айт өз кезегінде суицид қатерін арттырады. Тек қытай ғалымдары ғана емес, сонымен қатар, 2019 жылы Ұлыбританияның зерттеушілері де бұл бағытта 2017 жылға дейін жарияланған 25 мақалада келтірілген деректерге талдау жасай келе осындай тұжырымға тоқтаған. Дәлірегі, ауадағы ірі бөлшектер, аэроластану салдарынан күйзеліске ұшырағандар қарасының көбейетінін анықтап білген еді. Әлемдегі барлық суицидтердің шамамен 16 пайызы Қытай аумағында орын алады. Аталған елде адамзаттың 18 пайызы тұратынын ескерсек, бұл деңгей Қытайда өзіне-өзі қол жұмсау оқиғаларының дүниежүзілік орташа көрсеткіштен салыстырмалы түрде айтарлықтай төмен екенін байқайсыз. Соған қарамастан қытай сарапшылары дабыл қаға бастады. 2013 жылы Қытай билігінің пәрменімен ауа сапасын қадағаланып, өнеркәсіп пен көлік саласынан атмосфераға бөлінетін зиянды қалдықтарды азайту бағытында тегеурінді шаралар қолға алынды. Нәтижесінде суицид көрсеткіші күрт төмендеген. Қытайдың ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (CCDC) мәліметі бойынша 2010 жылдан 2021 жылға дейін жыл сайынғы суицид деңгейі 100 000 адамға шаққанда 10,88-ден 5,25-ке дейін төмендеген. Ауадағы парникті газдар мен қатты бөлшектерден метеорологиялық құбылыс - жылу инверциясы артады. Көзге көрінбейтін «тілсіз жаудан» мидың құрылымын өзгереді – психикалық денсаулық нашарлайды. Жылу инверсиясынан кейін өз-өзіне қол жұмсау  деңгейі күрт өскен: ауаның ластануының бір стандартты ауытқуына шаққанда суицид деңгейі 25 пайызға артып кеткен.

Ұқсас материалдар:

«Ластанған ауадағы ең қауіпті бөлшек анықталды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/lastangan-auadagy-en-qauipti-bolshek-anyqtaldy-18646/#gsc.tab=0);

«Ластанған ауаның тағы бір теріс әсері айтылды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/lastangan-auanyn-tagy-bir-teris-aseri-aityldy-19091/#gsc.tab=0);

«Адамдардың 99,9 пайызы уланған ауамен тыныс алады – ғалымдар» (https://islam.kz/kk/news/alem/adamdardyn-999-paiyzy-ulangan-auamen-tynys-alady-galymdar-18310/#gsc.tab=0);

"Адамзаттың 99%-ы ластанған ауамен тыныс алады" (https://islam.kz/kk/news/alem/adamzattyn-99-y-lastangan-auamen-tynys-alady-16643/#gsc.tab=0);

"Ластанған ауа да алжуға бастайды. Аутизм мен ластанған ауа арасында байланыс бары анықталды" (https://islam.kz/kk/news/madeniet/lastangan-aua-da-aljuga-bastaidy-autizm-men-lastangan-aua-arasynda-bailanys-bary-anyqtaldy-17606/#gsc.tab=0);

"Ластанған ауадан адам жүрегі кенеттен тоқтауы мүмкін" (https://islam.kz/kk/news/arturli/lastangan-auadan-adam-juregi-kenetten-toqtauy-mumkin-17675/#gsc.tab=0);

"Ауаның ластануы жүрек құрылымын өзгертеді − ғалымдар" (https://islam.kz/kk/news/arturli/auanyn-lastanuy-jurek-qurylymyn-ozgertedi-galymdar-10676/#gsc.tab=0);

«Аэрозолдер мен көмірқышқыл газының адам денсаулығына әсері анықталды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/aerozolder-men-komirqyshqyl-gazynyn-adam-densaulygyna-aseri-anyqtaldy-17626/#gsc.tab=0);

"Ауаның ластануынан жыл сайын алты млн шарана шала туады" (https://islam.kz/kk/news/alem/auanyn-lastanuynan-jyl-saiyn-alty-mln-sharana-shala-tuady-15826/#gsc.tab=0);

«Лас ауадан өілім-жітім көбейіп барады» (https://islam.kz/kk/news/alem/las-auadan-oilim-jitim-kobeiip-barady-15724/#gsc.tab=0);

«Ауаның ластануынан өлгендер саны короновирустан көз жұмғандардан екі есе көп» (https://islam.kz/kk/news/alem/auanyn-lastanuynan-olgender-sany-koronovirustan-koz-jumgandardan-eki-ese-kop-15058/#gsc.tab=0);

«Өткен жылы ауаның ластануынан 500 мыңдай бала көктей солды» (https://islam.kz/kk/news/alem/otken-jyly-auanyn-lastanuynan-500-myndai-bala-koktei-soldy-14313/#gsc.tab=0);

«Таяу Шығыстағы бір ғана елде ауаның ластануынан жыл сайын 33 мың адам опат болады» (https://islam.kz/kk/news/alem/tayau-shygystagy-bir-gana-elde-auanyn-lastanuynan-jyl-saiyn-33-myn-adam-opat-bolady-12796/#gsc.tab=0);

"Тропикалық белдеуде жылына 100 мыңдай адам ластанған ауадан өлген" (https://islam.kz/kk/news/alem/tropikalyq-beldeude-jylyna-100-myndai-adam-lastangan-auadan-olgen-16641/#gsc.tab=0);

«Жылына 7 миллион адам ауаның ластануы салдарынан көз жұмады» (https://islam.kz/kk/news/madeniet/jylyna-7-million-adam-auanyn-lastanuy-saldarynan-koz-jumady-10143/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат